12 топқа бөлінген 48 сайыскер

24 қарашадан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Енші» зияткерлік сайысы көрермен назарына ұсынылмақ. 12 топқа бөлінген 48 сайыскердің тек 12-сі ғана келесі айналымға жолдама алатынын еске саламыз. «Енші» зияткерлік сайысына 1500 сұрақ дайындалған жəне бағдарламаның жүргізушісі — белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, бағдарламаның басы-қасында жүрген шығармашылық топ та, білім бəйгесінен өз еншісін алуға талпынып жатқан сайыскерлер де дəл қазір үлкен дайындық үстінде. Нағыз шын жүйрік, білімді сайыскер «Еншінің» төресі атанады деген сенімдеміз. Еліміздің білімді жас өрендерінің сайысын бірге көрейік!