Серік АБАС-ШАХ: Зияткерлік сайыстың сіз бен біз үшін 3 пайдасы

1. Сайыскерлермен бірге жауап бере отырып, білім көкжиегіңізді сəл де болса кеңейтесіз. Көрсетілім барысында сұрақтың жауабын дұрыс тапсаңыз, жас балаша мəз болуыңыз мүмкін. Ал, сайыскер дөп баса алмаса, «оның орнында болсам, ұпай алар едім ау» деп қиялдап қоясыз.

2. Зияткерлік сайысқа көбінесе оқушылар мен жасөспірімдер қатысатындықтан, көкжəшік алдындағы кішкентай көрерменнің көкейінде «Білім бəйгесіне мен де қатысам!» деген арман пайда болады.

3. Біздің қоғамда тойшыл, думаншыл, боянып-сыланатын, сауықшыл жастардан өзге білімді, интеллигент ұрпақтың өсіп келе жатқанына куә боласыз.

P.S. Qazaqstan ұлттық арнасынан қалың көрерменге жол тартқан «ЕНШІ» зияткерлік сайысы — жоғарыда аталған сөзімізге дәлел. 
Әр жұма сайын сағат 16:10-да Ұлттық арнаны қосыңыз (немесе yenshi.kz сайты арқылы өткен ойындардың толық нұсқасын көріңіз!)

Айтпақшы, «ЕНШІ» зияткерлік сайысының жүргізушісі Дана ханым Нұржігіт екенін еске саламын.

Серік Абас-шахтың Фейсбуктегі парақшасынан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *